(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ АРАСЫНДА КОРОНАВИРУ...

Предыдущая страница

6.7 Үлгілерді жинау үшін шыны түтікшелерді штативке салыңыз. Сынамаларды алу үшін әрбір шыны түтікшеге экстракциялық буфер қосу (реагенттер жиынтығына нұсқаулықта көрсетілген енгізілетін буфер саны);

6.8 Жиынтықтың құрамына кіретін тампонмен ДДҰ-ның 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «SARS-CoV-2 вирусын анықтауға арналған диагностикалық тестілеу» уақытша ұсынымдарына сәйкес мұрын-жұтқыншақтан жағынды алу (тампон үлгісіндегі қан немесе артық шырыш тест өткізуге кедергі келтіруі және валидациясыз нәтижеге әкелуі мүмкін);

6.9 Үлгі бар тампонды алуға арналған шыны түтікшеге салыңыз. Антигенді босату үшін басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына тигізіп, тампонды 10 секунд бұраңыз (сынамалар бар тампондарды жинағаннан кейін мүмкіндігінше тезірек салыңыз), тампонды экстракция түтігінде 1 минут қалдырыңыз (Ескертпе: егер тез арада тестілеу мүмкін болмаса, мұрын-жұтқыншақтың жағындысын пациент туралы ақпарат, жағынды алу уақыты және тығыз жабылған таза пайдаланылмаған шыны түтікшеге салған дұрыс. Үлгіні алғаннан кейін 1 сағатқа дейін бөлме температурасында (19-24°С) сақтаңыз. Егер сынама жинау мен экспресс-тестілеу арасындағы кідіріс 1 сағаттан асса, сынама кәдеге жаратылады. Тестілеу үшін қайтадан жаңа үлгі алу керек);

6.10 Мүмкіндігінше сұйықтықты кетіру үшін тампонның басын шыны түтікшенің ішкі қабырғасына басып, тампонды алыңыз. Қолданғаннан кейін тампонды биологиялық қауіпті қалдықтарды жою туралы хаттамаға сәйкес тастаңыз;

6.11 Сынама алуға арналған шыны түтікшеге дозатор-қақпақты орнату;

6.12 Герметикалық қаптамадан сынақ кассетасын алу және оны бір сағат ішінде пайдалану. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, қаптаманы ашқаннан кейін тестті бірден жасаңыз (салқын жерде сақтаған кезде, тест алдында кассетаны бөлме температурасына дейін жеткізіңіз);

6.13 Сынамасы бар шыны түтікшені төңкеріп, зерттелетін сынаманың бірнеше тамшысын (енгізілген тамшылардың саны экспресс-тест жинағына арналған нұсқаулықта белгіленген) S саңылауына қосу;

6.14 Экспресс тестке арналған нұсқаулықта белгіленген инкубация уақытына секундомерді қосу (әртүрлі экспресс тест өндірушілерінің өзіндік белгіленген инкубация уақыты бар).

6.15 Инкубацияны бөлме температурасында жүзеге асыру; Инкубация уақытынан асатын нәтижелерді түсіндіру ұсынылмайды. Түсті сызық пайда болғанша күтіңіз (және).

 

6.16 Нәтижелерді түсіндіру: егер тест дұрыс орындалған болса, нәтижелер терезесінде түрлі-түсті жолақ С қалпында бақылау сызығы түрінде көрсетіледі. Вирус антигені Т қалпында анықталғанда түрлі-түсті жолақ пайда болады.

Оң нәтиже:

Нәтижелер терезесінде 2 көрінетін сызық пайда болады. Т аймағындағы сызық үлгіде SARS-CoV-2 антигенінің бар екенін көрсетеді. Тест сызығы аймағындағы түс қарқындылығы (T) үлгінің құрамындағы антиген мөлшеріне байланысты өзгереді. Сондықтан тест сызығындағы кез келген түс реңін (T) оң нәтиже ретінде қарастыру керек.

Теріс нәтиже:

C бақылау аймағында тек бір түсті сызық пайда болады. T тест сызығы аймағында түрлі-түсті сызық жоқ.

Валидті емес (жарамсыз) нәтиже;

Егер тест аяқталғаннан кейін нәтижелер терезесінде (C) бақылау сызығы көрінбесе, нәтиже жарамсыз болып саналады. Үлгінің жеткіліксіз көлемі, зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі немесе мерзімі өткен тесттер бақылау (С) сызығының пайда болмауының неғұрлым ықтимал себептері болып табылады. Үлгіні жаңа тестпен қайта тестілеу ұсынылады.

 

 

Экспресс-тесттің сапасын бақылау.

Тестке процедуралық бақылау қосылады. Бақылау сызығының (C) аймағында пайда болатын сызық - бұл ішкі процедуралық бақылау. Бұл үлгінің жеткілікті көлемін және процедураның дұрыс әдісін растайды.

6.17 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ҚКЖҚ-на пайдаланылған материалды орналастырады, пайдаланылған тест-жолақты және қолғапты «В» класындағы медициналық қалдықтарға арналған ыдысқа кәдеге жаратады;

6.18 Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, жұмыс беттерін (үстел, орындық немесе кушетка және т. б.) дайын дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді;

6.19 Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні араластыру режимі бар нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, үй-жайларды ылғалды жинауды және белгіленген режимге сәйкес кварцтауды жүргізу, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдету;

6.20 Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешіп, оларды «В» класының қалдықтарына арналған ыдысқа салады;

6.21 ЖҚҚ шешкеннен кейін медицина қызметкері қолды жуудың бекітілген алгоритміне сәйкес қолды жылы сумен және сабынмен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді;

6.22 Ауысым аяқталғаннан кейін «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін араластыру режимімен күрделі жинау типі бойынша үй-жайларды (автомобильді) өңдеуді және белгіленген режимге сәйкес кейіннен үй-жайларды (автомобильді) кемінде 15 минут желдетумен кварцтауды жүргізу;

6.23 Экспресс-тесттің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген персонал:

1) тестіленуші адамды хабардар етеді және оң нәтижесі бар пациент туралы медициналық ұйым басшысына немесе ҚР ДСМ СЭБК аумақтық департаментіне 2 сағат ішінде хабарлайтын жауапты адамға хабарлайды;

2) пациентті одан әрі жүргізу тактикасы пациенттің жағдайына сәйкес жүзеге асырылады (оқшаулау жағдайларын қамтамасыз ете отырып, бейінді стационарға емдеуге жатқызу немесе амбулаториялық емдеу).

3) SARS-CoV-2 вирусының таралуы төмен болған кезде жалған оң нәтижелерді болдырмау үшін ЭТ-нің барлық оң нәтижелеріне ПТР әдісімен қосымша тестілеу жүргізіледі.

6.24 Теріс нәтиже алған кезде:

1) COVID-19-ды жоққа шығармайтын және жұқтыру қаупі жоғары белгілері бар адамдарда ПТР-ға биологиялық материал алу жүргізіледі және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалу ұсынылады;

2) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациентті жүргізу және хабардар ету тактикасы 6.23-тармаққа сәйкес.

 

ІI. ИФТ әдісімен тестілеу

1. ИФТ әдісімен тестілеу зерттеу хаттамасына сәйкес жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясына ұжымдық иммунитетті анықтауға серологиялық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізу кезінде эпидемиологиялық қадағалау мақсатында жүргізіледі.

2. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған материал - бұл қан сарысуы.

3. Биоматериалдыы алуды денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ пайдаланылады.

5. Пациенттің қан сарысуы бар шыны түтікшесі науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы.

6. Қан сарысуы бар шыны түтікше биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып центрифугаланады. Сарысуды аликвотирлеуге жол берілмейді!

7. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді тоңазытқышта 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде сақтау қажет.

8. Пациенттен алынған үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

9. Зертханаларда ҚР-да диагностика жүргізу үшін тіркелген және рұқсат етілген тест-жүйелерді қолдана отырып, ИФТ (ИХЛ/АХЛ) әдісімен COVID-19 антиденелерін анықтау жүргізіледі.

10. COVID-19 антиденелерін анықтауға арналған тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға зерттеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

11. Тестілеуді жүргізетін зертханалар белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есептілікті СЭБКД-не ұсынады.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер және СЭБКД-мен келісім бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, ИФТ (ИХЛ/ЭХЛ) әдісімен үлгілерді референс тестілеуді және референс тестілеу нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД-ны хабарлауды жүргізеді.

13. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілер науқас туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді: пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алған күні және симптомдары, келген елі, науқаспен қарым-қатынасы, басқа зертханаларда алынған зерттеу нәтижесі (бар болса) және т. б.

14. Референттік тестілеуге жіберілген үлгілерді ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптама талаптарын сақтай отырып, ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалына тасымалдау керек.

15. CОVID-19 антиденелерін анықтауға арналған референс тестілеу аяқталғаннан кейін жіберген ұйымға зерттеу нәтижелерін беру және жіберген ұйымға референс тестілеу нәтижелері туралы хабарлау және т. б. жүргізіледі.

 

IІI. ПТР әдісімен тестілеу

1. CОVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу медициналық ұйымның немесе СЭБК департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар;

3) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдар;

4) респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлері;

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес шетелден авиарейстермен келетін адамдар;

3) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлер;

4) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдар.

5) Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға (оның ішінде күндізгі стацонарға) жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

6) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

7) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдар;

8) емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдер;

9) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;

10) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

11) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде және кейіннен ай сайын;

12) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде демалыстан, іссапардан, науқастануына байланысты жұмыс орнында болмауынан кейін медицина қызметкерлері;

13) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес;

14) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практика басталу алдында жүргізіледі.

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының (санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, МСАК, стационарлар қызметкерлері) медицина қызметкері жүзеге асырады.

4. Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5. Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6. Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйымға және АД-ға хабарлау жүргізіледі.

12. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық СЭБКД -не хабарлауды жүргізеді.

13. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіптік тестілеу), оның ішінде «Сәйкестікті бағалау. Саралауды тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 стандартының, сондай-ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарының талаптарына сәйкес ДДҰ-ның ынтымақтасатын зертханасымен бірге жүргізеді.

14. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.

15. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

16. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

17. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

18. Диагностикалық тесттерді нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен талдау жүргізу кезінде ғана пулға біріктіруге жол беріледі.

19. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

20. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

 

ІV. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

 

1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.

3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 2 қыркүйектегі

№ 38 қаулысына

34-қосымша

 

 

І. Инфекция жұқтырудың алдын алу мақсатында

COVID-19 бойынша іс-шараларды өткізуге тартылған медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі

 

COVID-19 контагиоздылығының жоғары болуына және жеткіліксіз зерделенуіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажет.

1. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері әлеуетті жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.

2. Ауруханаларда COVID-19 пациенттерін күтуді қамтамасыз ететін медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады.

3. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина қызметкерлері COVID-19-бен ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді.

4. Инфекциялық стационарларда тәжірибелі медицина қызметкерлері қатарынан әрбір бөлімшеде (бөлімше, блок, қабат) қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын (маскалық режим, қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны уақтылы ауыстыру), бөлімшеде, блокта, қабатта эпидемияға қарсы режимді сақтауға жауапты адамды тағайындау қажет, ол сондай-ақ қорғаныш құралдарын киюдің дұрыстығын мұқият тексереді және шыны арқылы шығарда оларды алудың дұрыстығын бақылайды, персоналдың лас аймаққа кірер алдында белгілермен түсіндіріледі.

5. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау жүргізу және дене температурасын күніне 2 рет өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

6. Науқастарға немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде (көрсетілетін медициналық көмек түріне байланысты ЖҚҚ пайдаланбау немесе қорғаныш деңгейінің сәйкес келмеуі) медицина персоналының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының бұзу фактілері анықталған жағдайда, мынадай шараларды қолдану қажет: соңғы байланыста болғаннан кейін зертханалық зерттеуге материал алу, медициналық бақылауды ұйымдастыру, күнделікті термометрия жүргізу арқылы 14 күнге жұмыстан шеттету және үйде немесе стационарлық карантинге оқшаулау. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі. Теріс нәтиже болған жағдайда үй карантинінде болады және теріс нәтижесі бар қайтадан зертханалық тексеруден кейін 14 күннен соң жұмысқа жіберіледі.

7. Жеке қорғаудың барлық шараларын сақтаған жағдайда науқасқа немесе СОVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде жұмыс кестесіне сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

8. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде байланыс анықталғаннан бастап 1-күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.

9. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және инфекциялық стационарға орналастырылады.

10. Инфекциялық емес бейіндегі стационарларда COVID-19 тіркелген кезде медицина қызметкерлерін оқшаулау және бақылау принципі осы қосымшаның 6,7 және 8-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

11. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары медицина қызметкерлері осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.

12. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.

13. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттермен жұмыс істеу кезінде «таза» және «лас» аймақтардың персоналы арасында байланыссыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.

14. Лас аймақта персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-да тұрақты жұмыс істейді.

15. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулауда ұсталады. Бұл іс-шара әр түрлі ауысымдарда медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алуға, қызметкерлердің ауруханаішілік инфекцияның таралуының алдын алуға, сондай-ақ оның халық арасында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

16. Қажет болған жағдайда, арнайы мамандармен пациенттерге консультация беру және қарау барынша қашықтықтан жүргізілуі қажет.

17. Қабылдау бөлімінде келіп түсетін науқастардан зертханалық зерттеу үшін материал алынады.

18. Пациентті қабылдағаннан кейін үстіңгі беткейлерді - үстел, қалқа, кушетка, орындықтар, есік тұтқалары, жиһаз заттары және пациентпен тікелей байланыста болған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу жүзеге асырылады.

19. Науқастарға арналған бөлімшеде науқастарды қабылдау мерзімдері, клиникалық нысандары және аурудың ауырлық дәрежесі бойынша бөлек орналастыру үшін палаталар көзделуі тиіс.

20. Аурухана төсектері бір-бірінен кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады.

21. Инфекциялық аурулар стационарында палаталық бөлімшенің негізгі құрылымдық бірлігі палата емес, бокс, жартылай бокс немесе боксталған палата болуы мүмкін. Бокстарда науқастарды толық оқшаулау қарастырылған, олар 1-2 төсекке жоспарланады.

22. Науқас шығарғанға дейін бокста болады және одан тамбурмен сыртқы шығу жолы арқылы шығады (бар болса). Персонал арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюз арқылы инфекциялық емес дәлізден бокстарға кіреді.

23. Жартылай бокстарда бокстарға қарағанда, сыртқы шығу жолы болмайды. Жартылай боксталған бөлімшенің режимі науқастардың санитариялық өткізгіштер арқылы бөлімшенің жалпы дәлізінен жартылай бокстарға түсетіндігімен ерекшеленеді.

24. Күнделікті мұқият ағымдық дезинфекция жүргізіледі, науқастарды шығарғаннан кейін - қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

25. Науқастарға арналған тамақ «таза» блоктың кіретін асүй ыдысына жеткізіледі және онда асүй ыдысынан буфет госпитальінің ыдысына салынады. Буфет тамағына бөлімше ыдысына салынады және үлестіру бөлімшесіне жіберіледі, онда порциялар бойынша бөлінеді және палаталар бойынша таратылады. Бөлімшеге тамақ келіп түскен ыдыс зарарсыздандырылады, содан кейін ыдысы бар сыйымдылық буфеттік ыдысқа беріледі, онда оны жуады және келесі таратқанға дейін сақтайды. Тарату орны тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталады. Жеке ыдыс әрбір тамақ ішкеннен кейін зарарсыздандырылады.

26. Қызметкерлерге жұмыс істеген уақыттан кейін лас аймаққа қайта кіруге тыйым салынады.

27. Лас аймаққа медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, қан препараттарын, құрал-саймандарды, іш киімдерді, пациенттерге арналған тамақ құжаттарын және т. б. жеткізуге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет.

28. Дәрі-дәрмектерді, емделушілерге тамақтануды және басқа да заттарды «лас» аймаққа беру ең аз инфекциялық қауіп-қатермен жүзеге асырылады. Берілетін заттарды «таза» аймақтың қызметкері шлюз үстелінде қалдырады және есікті таза жағынан жабады. Шлюзді таза аймақтан жапқаннан кейін «лас» аймақтың қызметкері шлюз есігін лас жағынан ашады, заттарды алады және есікті жабады.

29. «Лас» аймақтан шығарылатындардың барлығы вирустық инфекция режимі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.

30. Зарарсыздандырылған медициналық қалдықтар медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады.

31. Жалпы кәрізге ағызар алдында сарқынды суларды алдын ала зарарсыздандыру үшін кәріздік септик болуы қажет.

32. COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдауды мынадай қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асыру қажет:

1) СОVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке шақыруды орындайтын жедел медициналық жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері шығар алдында тікелей жеке қорғаныш құралдарын киеді. Жеке қорғаныш құралдары әр науқастан кейін ауыстырылады;